Боливияда қалың қар жауды

0 16

Боливияның Анд таулары аймағына қалың қар түсіп, төтенше жағдай жарияланды.

Көлік қатынасы қиындап, ауа температурасының төмендеуінен мал шаруашылығына қауіп төніп тұр. Сонымен қатар, суықтан саудагерлер базардағы сөрелерін тастап кеткен.

Жалпы алғанда, бес департаментті қар басып, жолдар жабылып, ондаған жүк машинасы діттеген жеріне жете алмай қалған.