Лотереядан 800 миллион доллар ұтып алды
АҚШ-тың Флорида штатында тұратын азамат лотереядан 800 миллион АҚШ доллары көлеміндегі джекпотты ұтып алды. Бұл 2026 жылғы ең ірі ұтыс әрі лотерея тарихындағы ең қомақты жүлделердің бірі.
Флорида штатында сатып алынған лотерея билетіндегі барлық алты сан ұтыс комбинациясымен толық сәйкес келген. Жеңімпаз билетіндегі сандар – 34, 48, 49, 59, 70 және 12 саны түскен алтын «Mega Ball» болған. Мұндай комбинацияның түсу ықтималдығы 290 миллионның біріне тең.
Енді жеңімпаз ұтысты 30 жыл бойы кезең-кезеңімен алу немесе салық шегерілгенге дейін бірден 344,2 миллион АҚШ долларын қолма-қол алу нұсқаларының бірін таңдауы тиіс.
Бұл 2026 жылғы ең ірі лотерея ұтысы және тарихтағы ең қомақты джекпоттардың бірі. Ал абсолютті рекорд 2023 жылы да Флорида штатында тіркелген. Ол кезде джекпот көлемі 1,6 миллиард АҚШ долларына жеткен.
Әзірге жеңімпаздың есімі жарияланған жоқ.