Антарктидада соңғы 14 жылдағы ең төменгі температура тіркелді
Антарктидадағы «Конкордия» зерттеу станциясында ауа температурасы 4,1°C-қа дейін төмендеп, соңғы 14 жылдағы ең төменгі көрсеткіш тіркелді.
«Конкордия» станциясы жағалаудан шамамен 1 100 шақырым қашықтықта, теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктікте орналасқан. Қыс мезгілінде мұнда 4 ай бойы күн шықпайды.
Осы ерекшеліктеріне байланысты Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) станцияны болашақ ғарыштық миссияларға дайындық алаңы ретінде пайдаланады. Мұнда мамандар ұзақ уақыт оқшауланудың адам ағзасы мен психологиялық жағдайына әсерін зерттеп, алыс ғарышқа ұшу кезінде туындауы мүмкін қауіптерді бағалайды.
Дегенмен Антарктидадағы ең төменгі температура 1983 жылдың 21 шілдесінде кеңестік «Восток» станциясында тіркелген. Сол кезде термометр бағаны – 89,2°C-қа дейін төмендеген.