Құрылтай

Израильде түрмелерді күзету үшін қолтырауындарды пайдаланбақ

0 14

Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир түрмелерді күзету үшін Ніл қолтырауындарын пайдалануды ұсынды.

Оның айтуынша, бұл тұтқындардың қашуын қиындатып, күзет қызметіне жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін Израильдің Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бауырымен жорғалаушылардың құқықтық мәртебесін өзгертті.

Ніл қолтырауындары қорғалатын түрлер санатынан алынып, «қолда өсірілген жабайы жануарлар» санатына ауыстырылды. Соның нәтижесінде оларды тек лицензияланған хайуанаттар бағында емес, түрме аумағында арнайы қоршауларда ұстауға да рұқсат беріледі. Алайда жабайы жануарларды күзет мақсатында пайдалану идеясын қарастырып отырған жалғыз ел Израиль емес.