Үндістанда сутегі отынымен жүретін алғашқы пойыз пайдалануға берілді
Үндістан тұрақты даму бастамаларын жүзеге асыру аясында сутегі отынымен жүретін пойызды пайдалануға берді.
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди елдегі алғашқы сутегі отынымен жүретін пойызды іске қосты. Жаңа пойыз елдің солтүстігіндегі Харьяна штатындағы Джинд және Сонипат аудандары арасында қатынайды.
«Үндістан экологиялық таза көлік жүйесіне көшу жолында маңызды қадам жасады», деп жазды Нарендра Моди X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Үндістанның баспасөз ақпарат бюросының мәліметінше, жоба заманауи тартқыш технологияларды сутегіні сақтау, құю және пайдалану инфрақұрылымымен біріктіреді.
Хабарламада айтылғандай, пойыз бір мезетте 2600 жолаушыны тасымалдауға қауқарлы.