Құрылтай

Нашақорлық – болашаққа балта шабатын дерт

0 7

Нашақорлық дегеніміз – адамның есірткіге физикалық және психикалық тәуелділігі. Ол жалғыз бір ғана адамның емес, бүкіл қоғамның басты проблемасы. Бір сәттік қызығушылық өмір бойына адамның денсаулығын, отбасын, болашағына өшпес үлкен таңба қалдырады. Сол үшін таза өмір, жарқын болашақ және тыныш ұйқы адамның жан тыныштығы екенін ескерген жөн.

Аталған мәселе қоғам үшін аса қауіпті әлеуметтік дерт. Әлем бойынша нашақорлық бизнесі жасырын түрде қарқанды қызмет атқарады. Оны алушылар мен тасымалдаушылардың да саны аз емес. Яғни, тәуелділік адамның ерік-жігерін төмендетіп, өмір сүру деңгейін түсіреді. Сонымен қатар, отбасы мүшелерінің тарапынан ол адамды қабылдамау жағдайы да орын алады.

Есірткіні қолдану алғашында қызық ретінде болғанымен, оның әрі қарайғы жолы өлімге алып келуі әбден мүмкін. Яғни, қолданған адамның жүйке жүйесі зақымданып, ішекқұрылыстың толықтай бұзылуына алып келеді. Қызығушылықтан басталған әдет кейін сондай орталарға еліктеп, еріксіз өзін мәжбүрлеуге де алып келеді. Әрине бұл жағдайдың соңы қылмыстық іс қозғалып, темір тордың арғы жағына отыруға мәжбүр болады.

Нашақорлыққа қарсы күрес акциялары елімізде жыл сайын барлық аудан, ауыл, қалаларда өткізіледі. Яғни, жастарды есірткіге деген теріс көзқарас қалыптастырып, олардың денсаулығын қорғау және зиянды әдеттердің алдын алып, саламатты өмір салтын қалыптастыру.

Нашақорлықтың алдын алу үшін жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау өте маңызды. Спортпен айналысу, білім алу, өнер мен шығармашылыққа қызығу зиянды әдеттерден сақтайтын тиімді жолдардың бірі. Сонымен қатар, ата-аналар, мұғалімдер және қоғам жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, олардың бос уақытын пайдалы істермен өткізуіне жағдай жасауы қажет. Жастарды нашақорлықтан сақтайық.