Көктемгі дала жұмыстары аяқталды
Байзақ ауданында биыл 58248 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлібек Қуанышевтің айтуынша, былтыр күзде осы жылдың өнімі үшін 8813 гектарға күздік бидай себілген. Ал биыл 12440 гектарға арпа, 3640 гектарға дәндік жүгері, 45 гектарға өзгеде дәнді бұршақты дақылдар, 1100 гектарға майлы дақылдар, 2600 гектарға қант қызылшасы, 452 гектарға картоп, 5200 гектарға көкөніс, 580 гектарға бақша және 23378 гектарға мал азықтық дақылдары орналастыру жоспарланған.
– Биылғы көктемгі дала жұмыстарына 628,1 тонна дизель отынына 77 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өтінім берді. Алайда бөлінген 520 тоннаның босату бағасы литріне 281 теңгеден айналды. Аудан бойынша жеңілдетілген дизель отынын таратушы оператор болып «ТаразVIPСервис» ЖШС бекітілген. Оператордың жанар-жағар май сақтау қоймасы Ботамойнақ ауылдық округінде орналасқан. Аудан аумағында 3 жанар-жағар май құю бекеттері (Қостөбе, Жалғызтөбе, Ботамойнақ ауылдық округтері) бар. Оператор дизель отынын талон түрінде және жанар-жағар май сақтау қоймасынан жанар-жағар май таситын көліктер арқылы шаруаларға кедергісіз босатуда. Операторға 413,6 тонна дизель отыны жеткізіліп, 285 тонна дизель отынын 55 шаруа қожалық алды. Дизель отынын тарату жалғасуда, – дейді бөлім басшысы.
Бұдан бөлек, ауданның шаруашылықтары су үнемдеу технологияларын егіс алқаптарына батыл енгізуде. Мәселен, өткен жылы су үнемдеу технологиясы 9432 гектар алқапқа енгізілсе, биыл қосымша 1238 гектар алқапқа енгізіліп, оның жалпы көлемі 10670 гектарды құрап отыр.
Бөлім басшысының айтуынша, биылғы көктемгі дала жұмыстарына 900 ауыл шаруашылығы техника қатысқан. Оның Жиналған мәліметтер бойынша 527 трактор, 217 соқа, 92 қопсытқыш, 58 дән сепкіш және 6 дана тұқым дәрілегіш көктемгі дала жұмыстарына жұмылдырылған. «Биылғы жылы алдымызға қойылып отырған міндет ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жоспары 50 бірлік болып белгіленген. Бүгінгі күнге аудан бойынша 13 шаруашылық жалпы құны 472,8 миллион теңге тұратын 18 жаңа техникалар сатып алды. Олардың 16-сы трактор болса, 2-еуі комбайн. Орындалу көрсеткіші 36 пайызды құрап отыр. Жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алу жалғасуда. Ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру бағдарламалары бойынша ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстары үшін «Кең дала 2» бағдарламасымен 23 шаруа қожалық жалпы сомасы 865,7 миллион теңге қаражатын алды. Көктемгі дала жұмыстарының атқарылу барысына келер болсақ, осы аптаға дейін 12485 гектар көктемгі жер жыртылды. 29 915 гектар дақыл егуге жер дайындалып, 12040 гектар арпа, 3 535 гектар жаңа көпжылдық шөп, 438 гектар біржылдық шөп, 1100 гектар резонанс көктемгі егіс, дала жұмыстары аяқталды майлы дақылдар, 452 гектар картоп, 5200 гектар көкөніс, 3645 гектар дәндік жүгері, 580 гектар бақша және 2602 гектар қант қызылшасы егілді. Бұл жерде көктемгі жер жырту, дақыл егуге байланысты жердің дайындалуы алдын ала 100 пайызға орындалды. Сондай-ақ арпа, көпжылдық шөп, біржылдық шөп, майлы дақылдар, картоп, дәндік жүгері, қант қызылшасы, көкөніс, бақша егу жұмыстары да жоспарға сай атқарылды. Міне осылайша көктемгі егіс, дала жұмыстары ауданымызда өз уақытында, сапалы аяқталды», – дейді Әлібек Қуанышев.