Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін

0 5

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкіметтің ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру жоспарына қатысты пікір айтты.

— Қазір ең төменгі жалақы 85 мың теңге. Дүниежүзінде ең төменгі жалақы — ол медиандық жалақының 50 пайызы. Бізде (орташа жалақының) оның деңгейі — 302 мың. Бұл ретте, жақын арада ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге жеткізу міндеті алдымызда тұр, — деді А. Әмрин.

Бұл ретте түпкілікті шешім республикалық бюджеттің мүмкіндігіне байланысты болады.

— Биылғы түсім бойынша бюджет қалай болатынын енді көретін боламыз. Осы динамика жалғаса берсе, бұған қаржылық мүмкіндік болады», — деді вице-министр.