Қан қысымын дәрісіз төмендету жолдары
Кардиолог Ирина Васильева қан қысымын дәрі-дәрмексіз де түсіруге болатынын айтты. Ол «Telegram» арнасында гипертониямен күресуге арналған төрт әдісті атады.
Ирина Васильеваның сөзінше, қан қысымын бақылау үшін салмақ тастау керек. Сондай-ақ ішімдіктен толық бас тарту немесе оның мөлшерін азайту да маңызды.
Дәрігер аптасына бірнеше рет аэробикалық жаттығулар жасауға да кеңес берді. Жаттығу ұзақтығы күніне кемінде 30 минут болуы керек.
Маман рационнан тұзды да азайтуға шақырды.