Пайдалы микроб
АҚШ ғалымдары жер астынан су тазартуға қабілетті жаңа микроб түрін тапты. Микроағзалар «CSP1-3» деп аталады.
21 метр тереңдікте тіршілік ететін микроағзалар жерасты суын табиғи жолмен тазалай алады. Бұл микробтар көміртек пен азотты ыдырату арқылы лас суды залалсыздандырады. Ғалымдардың айтуынша, осы қабілеті арқылы олар ауызсу тапшылығы мен судағы зиянды қалдықтар мәселесін шешуге көмектеседі. Қазір зерттеушілер микробтарды зертханада өсіруді жоспарлап отыр.