Кибержылқы
«ЭКСПО-2025» көрмесінде жапондық «Kawasaki» компаниясы «Corleo» атты кибержылқыны таныстырды.
«Corleo» – жолсыз жерлермен жүруге арналған, сутегімен «қоректенетін» алғашқы төрт аяқты көлік. Бұл құрылғы шабандоздың дене қимылы мен тепе-теңдік өзгерісі арқылы басқарылады. Әдетте сутегімен жүретін көліктер отын элементтері арқылы жұмыс істейді. Алайда, «Kawasaki» дәстүрлі жану қозғалтқышын пайдаланып, одан электр қуатын өндіруді таңдаған. Бұл жобасы арқылы компания сутегінің болашағына сенім білдіріп отыр.