Планеталар шеруі

0 10

Аспанда ерекше құбылыс – планеталар шеруі бо­ла­ды. Бұл күні Марс, Юпитер, Уран, Венера, Нептун, Меркурий, Сатурн бір сызық бойына тізіліп, күн бат­қан­нан кейін батыс көкжиектен көрі­неді.

Шын мәнінде, планеталар бір-бірі­нен миллиондаған шақырым қашықтықта орналасқан, бірақ жерден қарағанда қатар тұрғандай көрінеді. Мұндай көрініс өте сирек болады. Әдетте, қатарда бес немесе алты планета ғана тұрады, ал жеті планетаның бір мезетте тізілуі – ерекше жағдай. Соңғы рет мұндай құбылыс он жылдан астам уақыт бұрын болған, ал бұдан кейін 2040 жылы ғана қайталанады.