Энергия өндіретін терезе

0 4

Калифорниядағы «Next Energy Technologies» компаниясы күн энергиясын өндіретін терезе ойлап ­тапты. Терезенің өлшемі 101,6 ×152,4 см, ал болашақта 152×304 см панельдер шығарылмақ.

Бұл терезе арнайы «OPV» қабатымен жабылған, ол инфрақызыл жарықты сіңіріп, электр қуатына айналдырады. Нәтижесінде, ғимараттың энергия тұтынуын 20–25 пайызға дейін азайтады. Инженерлер технологияны өндіріске енгізу еш қиындық тудырмайтынын айтады. Оларды құрылыс кезінде кәдімгі терезелерді орнатқандай орнатуға ­болады.