ЖИ жасаған мультфильм
«AiMation» атты британдық студия анимация әлемінде жаңа белесті бағындырды.
Жасанды зерде жасаған толықметражды мультфильмнің атауы – «Роботтар қайда өседі?». Фильм ұзақтығы – 87 минут, оны жасауға 9 адамнан тұратын команда атсалысқан. Бұл – әдеттегі анимациялық жобалармен салыстырғанда айтарлықтай аз құрам. Айта кетейік, мультфильм қазір «Youtube» платформасында қолжетімді.