Миллионерлер ауылы
Әлемде бүкіл тұрғыны миллионер ауыл бар. Онда әрбір отбасы аумағы 500 шаршы метрден кем емес виллада тұрады. Әрқайсысының гаражында қымбат көлік бар.
Бұл – Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Хуаси ауылы. Хуаси – Қытайда алғашқылардың бірі болып қор биржасына акция шығарған ауыл. Сондай-ақ ауылдың жекеменшік ұшақтары мен тікұшақтары бар.
Бұл ауылдағы ең ерекше ғимарат – 74 қабаттан тұратын, биіктігі 328 метр «Лун Си» халықаралық қонақ үйі. Оны Хуаси тұрғындары өз қаржысына салған. Қонақ үй Қытайдағы ең биік ғимараттар арасында сегізінші орынға ие.