Студент көке

0 15

«Білім алудың ерте-кеші жоқ». Осы сөзді айтатын адам көп. Бірақ, іс жүзінде дәлелдегендер некен-саяқ. Солардың бірі – 57 жас­тағы қызылордалық Кендебай Ыды­рысов.

1988-1991 жылдары Ташкенттегі құрылыс техникумында оқып, 2006 жылы тау-кен жұмыстары мамандығы бойын­­ша жоғары оқу орнын тәмамдаған Кендебай Ыдырысов білімнен кенде емес. Бірақ ол заман ағымына ілесіп, техника тілін меңгеріп, сапалы маман болу мақсатында қазір Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білімін шың­дап жүр. «Жасыратыны жоқ, жасың үлкейгеннен кейін оқу оңайға соқпайды. Бірақ қай жасқа келсең де, жаңашылдыққа ұмтылған дұрыс», дейді ол.