Ямайкада жасөспірім акуланың құрбаны болды

0 16

Ямайканың Фолмут қаласында 16 жастағы жасөспірім үлкен ақ акуланың құрбаны болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жыртқыш жігіттің басын тістеп алып, денесін қатты зақымдаған.

Қайтыс болған жас жігіттің әкесінің айтуынша,  ұлы ата-анасының қарсылығына қарамастан, су астында балық аулауға барған. Келесі күні жергілікті балықшылар мен сүңгуірлер жігітті іздеуге шыққан. Олар жасөспірімнің басы кесілген, сол қолы жоқ мәйітін тапқан.

Жасөспірімді іздеуге шыққан балықшылардың бірі жақын жерден акуланы байқап, оны өлтірмек болған. Жергілікті тұрғындар акулалар круиздік кемелердің соңынан Фолмут суларына түсіп, адамдарды аулау үшін қалатынын айтқан. Сонымен қатар олар соңғы жылдары жыртқыштардың адамдарға шабуылы айтарлықтай өскенін атап өткен.