Аяғы мен алақаны ең үлкен жасөспірім
АҚШ-тың Мичиган штатындағы Гудрич қаласынан келген 16 жасар Эрик Килберн кіші Гиннесс рекордтар кітабының 2025 жылғы басылымына екі бірдей ерекше жетістігімен енді.
Өз құрдастары сияқты Эрик отбасымен және достарымен уақыт өткізгенді, спортпен шұғылданғанды және бейнеойын ойнағанды ұнатады. Алайда ол сырт келбетімен көпшіліктен ерекшеленеді. Эрик «Әлемдегі табаны ең ұзын жасөспірім» рекордының иегері атанды, оның аяқтарының ұзындығы 34,30 см (13,50 дюйм), ал, аяқ киімінің өлшемі АҚШ бойынша 23-өлшемге сәйкес келеді (56-өлшем). Бұл ересек ер адамның орташа аяқ киім өлшемінен (8,5-9 өлшем) әлдеқайда үлкен.
Сонымен қатар, Эриктің қолдары да ерекше: ұзындығы 23,20 см. Ол «Әлемдегі алақаны ең ұзын жасөспірім» рекордын да жаңартты. Бұл оның жасындағы орташа көрсеткіштен (19,04 см) әлдеқайда көп.