Адамға темірден жасалған клапансыз жүрек орнатылды

0 16

АҚШ-та науқасқа тарихта бірінші рет титаннан жасалған клапансыз жүрек сәтті орнатылды. Бұл туралы texasheart.org жазды. 

Техас жүрек институты (THI) және BiVACOR® клиникалық сатыдағы медициналық құрылғылар компаниясы 2024 жылғы 9 шілдеде АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігінің (FDA) Ерте қолданыстағы зерттеу (EFS) бағдарламасы аясында BiVACOR толық жасанды жүрегінің (TAH) алғаш рет адамға сәтті имплантацияланғанын жариялады. BiVACOR-дың TAH титандан жасалған, екі қарыншалы айналмалы қан сорғыш, бір қозғалмалы бөлшегі бар және магниттік левитациялы роторды пайдаланып, қанды айдап, науқас жүректің екі қарыншасының орнын басатын құрылғы. Бұрынғы үлгілерге қарағанда бұл жүректің істен шығу қаупі төмен, көлемі кішірек және көп адамға сәйкес келеді.

Бұл титан жүрек минутына 12 литрге дейін қан айдай алады, яғни науқас толыққанды өмір сүріп, тіпті спортпен шұғылдана алады. Осы жүрекпен науқас донор жүрегіне кезек келгенше немесе табылғанша жүре алады.