Жарыс жолында — жастар

0 20

Жамбыл облысының 85 жылдығына орай Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудандық «Merke radon» шипажайында «МЕРЕЙЛІ МЕРКІ ӨЛКЕСІ» атты облыстық спорттық сайыс өтті.

Басты мақсаты жастар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау, жастарды дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, қызметкерлер арасында әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту болып табылатын сайысқа тоғыз ауданнан келген «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек қатысушыларға сәттілік тілеп, салтанатты іс-шараны ашып берді. Содан кейін аудандық мәдениет үйінің өнерпазы Қуаныш Тұрсынбек Құрманғазының «АДАЙ» күйін орындады.

Командалық жарыс қой көтеру, қол күрес, дойбы, теннис, бес тас, арқан тартыс, садақ ату сынды жеті кезеңнен тұрды. Тартысты өткен жырыстың қорытындысында Т.Рысқұлов ауданы бірінші, Шу ауданы екінші, Сарысу ауданы үшінші орынға тұрақтады.

Сонымен қатар, «ҮЗДІК ШЫМЫР» номинациясымен — Айтжанов Нұрсұлтан (Т.Рысқұлов ауданы), «ҮЗДІК САДАҚШЫ» номинациясымен – Мойынқұм ауданы, «ҮЗДІК ҚАЙРАТТЫ» номинациясымен – Смайлов Мұхамедали (Сарысу ауданы), «ҮЗДІК КҮШ ЖІГЕР» номинациясымен – Жамбыл ауданы, «ҮЗДІК ДОЙБЫШЫ» номинациясымен – Тәліп Досжан (Шу ауданы), «ҮЗДІК ТЕННИСШІ» номинациясымен – Омарова Марзия (Шу ауданы), «ҮЗДІК БЕСТАСШЫ» номинациясымен – Бижанова Аида (Т.Рысқұлов ауданы), «ШЫМЫР» номинациясымен Ізбасар Мадияр (Қордай ауданы) марапатталып, жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.