Қасым-Жомарт Тоқаев «Синьхуа» агенттігіне көлемді сұқбат берді

0 20

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 2-4 шілде аралығында Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Осы сапар қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Синьхуа» агенттігіне жазбаша сұқбат берді, деп хабарлайды «NEGE» порталы.

«Әрине, жеке байланыстарды дамыту ынтымақтастығымызды тереңдетуге және екі мемлекет арасындағы қарым-қатынаста жаңа көкжиектерді ашуға маңызды серпін береді. Осы жылдар ішінде арамызда қалыптасқан шынайы достық және сенімді қарым-қатынастар жаңа ұлы мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді. Құрметті Төраға Си Цзиньпинмен кездесулерімізді ерекше жылылықпен еске аламын», деді Мемлекет басшысы.

«Синьхуа» агенттігіне берген сұқбатында Мемлекет басшысы білім беру жүйесінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған прагматикалық көзқарасқа ерекше қызығушылықты атап өтті.

Сондай-ақ ол қытай тіліне қатысты пікір білдірді. «Әлемдегі және Қытайдың өзіндегі де тез өзгеріп жатқан тенденцияларды ескере отырып, мен тілдік дағдыларымды сақтау үшін, сондай-ақ Қытайдың саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы соңғы тенденциялардан хабардар болу үшін үнемі қытай тілінде кітаптар оқимын», деді Тоқаев.