Үйде қызмет көрсету

0 122

Елімізде мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік бейімдеу, олардың жан-жақты дамуына көмек көрсету мәселелері біздің ауданымызда да оң шешімін табуда.

Бүгінгі күнде ауданымызда қамқорлыққа алынған жалғызбасты қарттар – 94 азамат, 18 жастан асқан мүгедектігі барлар  – 8 азамат, қамқорлыққа алынған мүгедектігі бар балалар – 16 бала. Жалпы әлеуметтік қызметкерлер ҚР Премьер-Министірінің орынбасары–Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету» стандартына сәйкес қызмет атқарады. Қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша күндізгі уақытта үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер:

  1. Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға;
  2. Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға;
  3. Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар азаматтарға;
  4. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға;
  5. Егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға;
  6. Обьективті себептер бойынша отбасында жанжал болған жағдайда оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамассыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы бар өзіне-өзі қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ мұқтаж қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтер алушылар  болып табылады.

Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мүгедектігі бар азаматтарға реабилитациялық оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес көрсетіледі.

Үйде қызмет көрсету бөлімшесінің мамандары қамқорлыққа алынған азаматтарға стандарт бойынша 8 бағытта арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді, атап айтқанда:

  • әлеуметтік-тұрмыстық қызмет
  • әлеуметтік-медициналық қызмет
  • әлеуметтік-психологиялық қызмет
  • әлеуметтік-педагогикалық қызмет
  • әлеуметтік-еңбек қызмет
  • әлеуметтік-мәдени қызмет
  • әлеуметтік-экономикалық қызмет
  • әлеуметтік-құқықтық қызмет.

Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлердің қамқорлығына алынған мүгедектігі бар азаматтар мен балалар және жалғызілікті қарттармен мерекелік күндерде арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.

Ж. ҚҰРМАНАЛИЕВА,

Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері.

Т.Рысқұлов ауданы.