Депутаттар додасы

0 27

Мәслихаттың 30 жылдығы және Жамбыл облысына 85 жыл толуына орай Тараз қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған спартакиадаға Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері мен мәслихат депутаттары қатысып, жалпы спорттың бес түрі бойынша бақ сынасты.

Спорттық жарыс өте тартысты өтті. Екі күнге созылған бәсекеде Мойынқұм ауданының командасы волейболдан 2-орынды иеленді. 1-орын Жамбыл облыстық мәслихатына, 3-орын Шу аудандық халық қалаулыларына бұйырды. Қатысушы мәслихат депутаттары және мәслихат аппаратының қызметкерлері диплом және арнайы медальдармен марапатталды.

Спартакиадада бар күш-жігерін салып әртүрлі спорт түрінен өнер көрсеткен ойыншыларға аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов алғысын айтты.