Бішкек шенеуніктері енді қоғамдық көлікпен жүреді

0 27

Бішкекте шенеуніктерге қызметтік жеке көліктерімен жүруге шектеу қойылды.

Бастаманы қала басшысы Айбек Джунушалиев көтерген. Жаңа ережеге сәйкес әкімдік қызметкерлері аптасына екі рет автобуспен қатынауға міндетті. Сондай-ақ ведомстволық және аумақтық бөлімдердің, муниципалды кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері сейсенбі мен бейсенбі күндері жұмысқа қоғамдық көлікпен келуге тиіс. Әр шенеунік автобустың санитарлық тазалығын және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бақылап, ай сайын есеп береді.

Қызмет көліктерін тек жұмыс уақытында ғана пайдалануға рұқсат беріледі. Жаңашылдық кептелісті азайтып, қоғамдық көлікке сұранысты арттырады деп отыр.