Нәтижелі ынтымақтастық үшін барлық жағдай жасалады

0 22

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Шэньси Ифень» компаниясының директоры Тао Хуанмен кездесті.

Кәсіпорын алты бағытта жұмыс істейді: тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысы, жол саласы, техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлау, ауылшаруашылығы, қонақ үй және мейрамхана бизнесі, тау-кен өндіру саласы.

Ербол Қарашөкеев жауапты тұлғаларға өнеркәсіптің түрлі салаларындағы компаниямен өзара іс-қимыл перспективаларын зерделеуді тапсырды және іскерлік байланысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Облыс әкімі өңірлік нарықтың болашағы туралы айта келе, ұзақ мерзімді және нәтижелі ынтымақтастық үшін барлық жағдай жасалатынын жеткізді.