Бағдат Мусин қызметінен босатылды

0 30

Бағдат Мусин ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды», делінген Ақорда хабарламасында.

Бағдат Мусин 1983 жылы Екібастұзда туған.

Сүлеймен Демирел университетін (2000-2004) «компьютердің техникалық және бағдарламалық жасақтамасы», Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2004-2006) «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Мансабы:

«NAT» АҚ, «Ізет» ЖШС және басқа да жеке компаниялар қызметкері (2004 жылға дейін);

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында инженер-бағдарламашы, Куәландыру орталығы бөлімінің басшысы, мемлекеттік органдарда IT бөлімшелер құру департаменті директорының орынбасары (09.2004-11.2007);

«AMANAT-insurance» БК» акционерлік қоғамында ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесші-консультант (09.2004-11.2007);

Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі және Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы (11.2007-04.2010);

Байланыс және ақпарат министрлігінде (Көлік және коммуникациялар министрлігі) Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары (04.2010-04.2011);

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары (04.2011-03.2012);

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы (03.2012-04.2014);

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (04.2014-08.2014);

«Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (08.2014-01.2017);

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы (01.2017-05.2018);

Bi Group құрылыс холдингі басқарма төрағасының орынбасары және корпоративтік-венчурлік қордың басшысы (05.2018-06.2019);

IT кәсіпкер, ReKassa, Tastamat және басқа да IT-стартаптардың негізін қалаушы (06.2019-03.2020);

Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі (03.2020-07.2020);

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары (07.2020-09.2020);

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (02.09.2020 бастап).