«Boeing» беделіне тағы да нұқсан келді

0 33

АҚШ-та «Southwest Airlines» әуе компаниясының «Boeing 737-800» ұшағының қозғалтқыш корпусы Денвер әуежайынан көтерілу кезінде ұшып кетті.

Кадрлардан ауа ағынының қысымынан ұшып келе жатқан ұшақтың оң қанаттағы қозғалтқыш корпусының жұлынып кеткенін көруге болады. Ұшақ Хьюстонға ұшуы керек еді, алайда ұшқаннан кейін көп ұзамай өзінің жөнелтілетін әуежайына шұғыл қонды.

«Reuters» агенттігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 135 жолаушы болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. «Southwest» әйе компаниясы техникалық мамандардың ұшақты тексеріп жатқанын айтты. Алайда, олар ұшақтың қозғалтқышы соңғы рет қашан тексерілгенін айтудан бас тартты.

Ведомствоның хабарлауынша, АҚШ-тың Федералдық авиациялық басқармасы оқиғаға қатысты тергеуді бастаған.