Өзбекстанда көліктерді тіркеу құны 68 есе өсті

0 17

Өзбекстанда автокөліктер мен олардың тіркемелерін рәсімдеу және қайта тіркеуден өткізу үшін алынатын төлем мөлшері өсті. Ішкі істер министрінің тиісті бұйрығы 1 сәуірден бастап күшіне енді.

Құжатта жазылғандай, 1 сәуірден бастап электромобиль, мотоцикл және тіркемелерді рәсімдеу құны 15 есеге, яғни 1,5 базалық есептік шамаға (18 мың теңге) дейін ұлғайды. Ал қалған көлік құралдары үшін бұл мөлшер 68,4 есеге өсті. Атап айтқанда, жанармаймен жүретін темір тұлпарларды тіркеуге ниетті өзбекстандықтар енді 2,32 миллион сум (82 мың теңге) төлеуі тиіс.

Бұған дейін барлық автомобильдер мен тіркемелерді рәсімдеу құны 34 мың сум (1200 теңге) болған еді.