Шашты кептірмей ұйықтау несімен қауіпті?

0 76

Шашты кептірмей ұйықтау оны сынғыш етіп, бас терісінің қышып, қабыну мен іріңді бөртпенің пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы дерматолог Ноэль Шербер және Синди Вассеф айтты.

Ноэль Шербердің айтуынша, шашты кептірмей ұйықтаған кезде олар жастықпен байланысқа түсіп, патогендік бактерия мен ашытқыш саңырауқұлақтардың көбеюі үшін тамаша ортаға айналады. Олардың кейбіреуі — «Malassezia» бактериясы — бас терісін қышытып, қабыршақтандырады. Сондай-ақ «Malassezia» саңырауқұлақтары терінің түкті бөлігінде ауыр қабынуды тудыруы мүмкін. Мұндай инфекция бактериялық немесе саңырауқұлақ фолликулиті деп аталады.

Сонымен қатар үнемі су шашпен ұйықтағаннан жастық матасы көгеруі ықтимал. Сондықтан, жастық қабын үнемі ауыстырып, тазалап тұру керек.

Ал Синди Вассеф кептірілмеген шашпен ұйықтаған кезде түнде олар жастықпен үйкеліп, шаш сынғыш болып, шатасатынын жеткізді. Өйткені, шаш су кезінде біліктері серпімді болады, оларға қысым түскеннен қыртыс қалады.

Мамандар егер шаш кептіргішті пайдалануға мүмкіндік болмаса немесе оның өзі кебуі үшін белгілі бір уақыт күте алмасаңыз, ең болмаса шашты өріп немесе қатты қыспай байлап жатуға кеңес берді. Бұл шашты зақымданудан сақтауға көмектеседі.