Президентке Қатар Мемлекетінің негізін қалаған шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәнидің қылышы табысталды

0 36

Мемлекеттің негізін қалаушы шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәнидің қылышы – Қатардың ең жоғары мемлекеттік символы. Оны монархтарға, ханзадаларға және мемлекеттер басшыларына Қатар Мемлекетіне және бүкіл адамзаттың дамуына қосқан үлесі үшін Әмірдің өзі табыстайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұл қылыш алғаш рет Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдулазиз Әл Саудқа табыс етілген (2016). Кейінірек қылыш Оман Сұлтаны Хайсам бен Тарекке (2021) және Испания Королі VI Филиппке (2022) сыйға тартылды.

Бұл символ – Қатар Мемлекетінің негізін қалаушы шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәни (1827-1913) ұстаған қылыштың дәлме-дәл көшірмесі. Қыны алтынмен (18 карат) апталған, екі жағы әшекейленген. Жүзі бағалы, тот баспайтын болаттан құйылған, ал сабы түйе сүйегінен жасалып, агатпен және турмалинмен қапталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгін Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің «Diwan Amiri» сарайына барып, Қатар Әмірімен келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында Қатар Мемлекетінің Әмірішейх Тәмимбен Хамад Әл Тәни арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойды.