Мектебіне миллион теңгеге демеушілік жасады

0 15

Жамбыл ауылындағы Жамбыл орта мектебінің түлегі Нұржас Бурханов «Жомарт түлек» жобасы аясында өзі білім алып, түлеп ұшқан білім ордасын түрлендіруге кірісті.

Кәсіпкер мектеп алаңына жалпы құны миллион теңге 100 дана туя, шырша, арша ағаштарын отырғызып, оқушыларға үлгі көрсетті. Игілікті іс-шараға ауылдық округтiң әкімі Асылбек Қонаров қатысып, ауыл көркін ашуға қосқан үлесі үшін кәсіпкерге алғысын білдірді.

Сондай ақ бүгінгі таңда Өрнек ауылы маңындағы екі гектар жерді алма баққа айналдыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде бақты қоршау жұмыстары басталды. Игі істің басы-қасында жүрген Рысбек Сейдуалиев туған ауылын көркейту әр азаматтың борышы екенін айтады. Енді мұнда жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен және ауыл азаматтарының қатысуымен 300 түп көшет отырғызу көзделіп отыр.