Басты мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету

0 38

«Луговой ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылдың 15-сәуіріндегі Заңына сәйкес, үстіміздегі жылдың І-тоқсанында жеке және заңды тұлғаларға электронды және қағаз түрінде 21 мемлекеттік қызмет көрсетті.

«Электрондық үкімет» мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарлатуға бағытталған әкімшілік реформаның маңызды элементі екендігі белгілі. Ол мемлекеттік процедуралардың ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік туғызады. Электронды қызметтерді алу үшін жеке және заңды тұлғалар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (ХҚКО) электрондық кілт аштырып, USB флешкаға салдырып, ауыл тұрғындары электрондық үкіметтің «e-gov» порталы арқылы ауыл әкімшілігінің бірінші қабатындағы «Цифрландырылған ақпараттық орталықтан» электронды қызметтерді ала алады.

Ескерту: Міндетті түрде электронды цифрландырылған кілт, жеке куәлігіңізде пин код, ұялы телефоныңыздың нөмері тіркелу керек.