Сайлау

Қаржы саласының үздіктері марапатталды

0 16

Жамбылда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге күніне және Қаржы қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова өңір басшысының атынан сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар азаматқа марапат табыстады.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтегі мінсіз еңбегі мен Қазақстанның қаржы жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін азаматтарға облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, сондай-ақ өзге де мерекелік марапаттар берілді.