Мемлекет басшысы Түркияға ресми сапармен барады
28-30 қазан күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады.
Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.