Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл туралы

0 27

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 10 өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушыларының, шекара маңындағы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қылмыстық схемалардың заңсыз әрекетінің жолын кесу бойынша бір мезгілде арнайы операция жүргізді.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 29 адам ұсталып, жеткізілді, оның    9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Операция барысында заңсыз айналымнан 25 бірлік қару, 2 граната және 236 бірлік оқ-дәрі тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҰҚК баспасөз қызметі