Қытай Айдың арғы бетінен әкелген топырақты БҰҰ-ға тапсырды
Қытай Айдың арғы бетінен алынған топырақ үлгілерін БҰҰ-ның Венадағы штаб-пәтеріне тапсырды. Үлгілер Вена халықаралық орталығында таныстырылып, көрмеге қойылды.
Қытай ұлттық ғарыш басқармасының басшысы Шань Чжундэ бұл қадам елдің халықаралық ынтымақтастық пен ғарышты бейбіт мақсатта игеруге деген ұстанымын көрсететінін айтты. БҰҰ өкілдері үлгілерді адамзаттың технологиялық жетістігінің символы деп атап, ғарышты барлық елдерге ортақ кеңістік ретінде бағалады.
2024 жылы «Чанъэ-6» миссиясы тарихта алғаш рет Айдың Оңтүстік полюс – Эйткен бассейнінен шамамен 2 килограмм топырақ үлгісін Жерге жеткізген.