Алты қызы бар әйел ұл баланы ауруханадан ұрлап әкеткен

0 8

Үндістанда әйел үш жасар баланы ауруханадан ұрлап әкетіп, оны өз ұлындай тәрбиелегісі келген. Оқиға Дели қаласындағы болған.

Баланың анасы дәрі алуға кеткен сәтте үш жасар ұл ізім-ғайым жоғалып кеткен. Полиция ауруханадағы бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, күдіктінің кім екенін анықтаған. Кейін тәртіп сақшылары оның соңына түсіп, Бихар штатына дейін барған.

Ақыры бала үйінен 1 мың шақырымнан астам жерден табылып, отбасына қайтарылған.

Тергеу кезінде 31 жастағы әйелдің алты қызы бар екені, ал денсаулығына байланысты бұдан былай бала сүйе алмайтыны анықталған.

Әйел полицияға берген жауабында ұл балалы болғысы келгенін және ұрлап кеткен баланы өз баласындай өсіруді жоспарлағанын айтқан.