Түстен кейін шаршап қалмаудың қандай жолы бар?

0 11

Терапевт Фуонг Во түстен кейін пайда болатын шаршауды азайтудың бірнеше қарапайым жолын атады. Бұл туралы ол «Yahoo» басылымына берген сұқбатында айтты.

Дәрігердің айтуынша, ең алдымен таңғы асқа мән беру керек. Тәтті жарма, тоқаш пен шырын сияқты тағамдар қандағы қантты тез көтеріп, аз уақытқа сергектік береді. Алайда түскі сағат 14:00–15:00 шамасында глюкоза деңгейі күрт төмендеп, адамның бойын әлсіздік басуы мүмкін.

Маманның екінші кеңесі — тамақтан кейін 10–15 минут жаяу жүру. Серуен қандағы қант деңгейін тұрақтандыруға көмектесіп, ағзаның қуат өндіруін жалғастыруына ықпал етеді.

Сонымен қатар, дәрігер күн тәртібін бір қалыпта ұстауға және ұйықтардан кемінде үш сағат бұрын тамақтанбауға кеңес берді. Оның айтуынша, осы әдеттерді бірнеше апта тұрақты сақтаса, сергектік артып, шаршау азаюы мүмкін.