Құрылтай

Қытайда химзауыттағы өрттен мыңнан астам адам эвакуацияланды

0 8

Қытайдың Куньмин қаласындағы химия зауытында өрт, шығып 1200-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы жергілікті билік мәлімдеді.

Оқиға 5 тамыз күні шамамен сағат 11:50-де Цзиньнин ауданында орналасқан «Yunnan Haoming Fine Phosphorus Chemical Company» кәсіпорнында сары фосфорды тиеу кезінде болған. Өрт салдарынан сары фосфор тұтанып, атмосфераға адам ағзағына зиян келтіретін түтін тараған. Соның салдарынан жақын маңдағы аудандарда ауа сапасы нашарлаған.

Өрт сол күні сағат 22:07-де толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиғадан кейін кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық қызметі уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта жергілікті билік қоршаған ортаға әсерін бақылауды жалғастырып, экологиялық мониторинг жүргізіп жатыр.