Жаңа Зеландия аспанында алып отты шар байқалды
Куәгерлер түсірген кадрларда түнгі аспанда үлкен отты шардың жоғары жылдамдықпен қозғалып, бірнеше рет жарқ етіп көрінгені байқалады. Құбылыс қатты дыбыспен қатар жүрген.
Оқиғаны «Fireballs Aotearoa» метеорларды бақылау қызметі де тіркеді. Мамандар метеордың нақты ұшу траекториясын анықтау үшін бақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп жатыр.
Алдын ала бағалауға сәйкес, метеор Жер атмосферасына өте төмен биіктікте енген. Осыған байланысты оның кейбір бөліктері жерге құлауы мүмкін деген болжам айтылуда.