Штаб отырысы өтті

0 6

Жуырда аудан әкімінің орынбасары Ернар Әбілдаевтың төрағалығымен жазғы өрттің алдын алу және алда өтетін «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындық бойынша штаб отырысы өтті.

Жиынға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері, тиісті бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен жауапты мекеме қызметкерлері қатысты.

Штаб отырысында жаз мезгіліндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи және дала өрттерінің алдын алу, өрт қауіпті аймақтарда профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелері қаралды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, арнайы техникалардың дайындығын пысықтау және жауапты мекемелердің өзара іс-қимылын үйлестіру бағытындағы міндеттер талқыланды.

Сондай-ақ, «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын ұйымдастыру және өткізу барысындағы дайындық жұмыстары сараланып, азаматтық қорғау қызметтерінің жедел әрекет ету деңгейін арттыру мәселесіне баса назар аударылды.

Жиын қорытындысында аудан әкімінің орынбасары жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.