Улы газ – қауіпті
Улы газ — түсі мен иісі жоқ аса қауіпті газ. Тұншықтырғыш газбен улану түрлі жағдайларда, мысалы, тұрмыста тұншықтырғыш газбен улану кезінде (тұрмыстық газ шыққан немесе аспаптардың ақауы кезінде және т.б.), автокөліктің пайдаланылған газдарын жұту кезінде орын алуы мүмкін. Сондай-ақ жазатайым оқиға өрт кезінде уланудан болуы мүмкін.
Уланудың алғашқы белгілері бас айналу және маңдай бөлігіндегі әлсіз бас ауруы. Есту қабілетінің бұзылуы өте тез пайда болатындықтан зардап шегуші іс жүзінде саңырау болып қалады, бір затқа көз салу қиындайды. Жағдай күрделене түседі, өйткені бір уақытта сананың бұзылуы пайда болады адам өзінің жағдайын дұрыс бақылай алмайды, тіпті жүре алса да, таза ауаға шығуға тырыспауы мүмкін.
Алғашқы көмек тез және білікті болуы керек. Жүрек айнуы, құсумен бірге қатты улану кезінде зардап шегушіні таза ауаға шығару керек. Жағаны, белдікті ашу қажет. Денеге ыңғайлы жағдай жасап, тыныштықты қалыптастыру қажет. Мүмкіндігінше дәрігерді тезірек шақыру керек.
Ауыр улану жағдайында адамға улы газды ығыстыратын оттегіні ерте және ұзақ деммен жұту мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. Тыныс алуды тоқтатқан кезде жасанды тыныс алу және жүрек соғысы тоқтаған кезде жанама жүрек массажын жасау қажет. Бұл жаттығуларды қалай орындау керектігін білсеңіз ғана жасау қажет, әйтпесе, одан да көп зиян келтіру қаупі бар.
Қысқы жылыту кезеңінде өрттің туындауының алдын алу үшін келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет: Тек жарамды құрал-жабдықты пайдаланыңыз. Пеш қалауындағы жарықтар, бітелген мұржа және сол сияқты кемшіліктер ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Жақсы желдеткіш туралы да ұмытпаңыз. Егер сіз газ плитасын жылыту үшін қолдансаңыз, көміртегі тотығымен улануыңыз әбден мүмкін. Пеш жапқышын көмір жанғанша жаппаңыз. Авто әуесқойлар қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде гаражда тұрмаған жөн.
Егер алғашқы себептер тұрмыстық сипатта орын алса, өрт төтенше оқиға сипатына ие. Сондықтан тұрмыста улы газбен уланудың алдын алу, көрсетілген жабдықты қауіпсіз пайдалану қағидаларын сақтау аса маңызды.