Зілзала белгілері мен зардаптары

0 5

2 балл тербелістерді бөлменің ішіндегі тыныштық сақтап отырған  тек кейбір адамдар сезеді, әсіресе жоғарғы қабаттарда.

3 балл – жер сілкінісін бөлменің ішіндегі кейбір адамдар сезеді; ашық жерде болғанда – қолайлы жағдайда сезіледі. Тербелістер жеңіл жүк тасымалдайтын көлік өткен шайқалыстарға ұқсас. Зерек адамдар ілініп тұрған заттардың шайқалысын байқайды, ал жоғары қабаттарда ол қатты байқалады.

4 балл жер сілкінісін бөлменің ішіндегі көптеген адамдар сезеді; ашық жерде тұрғандардың кейбіреулері ғана сезеді, адамдар оянады, бірақ қорықпайды. Тербелістер ауыр жүк тасымалдайтын көлік өткен шайқалыстарға ұқсас. Терезе, есік, ыдыс-аяқтар сықырлайды. Едендердің, қабырғалардың сықыры естіледі. Жиһаздардың дірілдеуі байқалып, ілініп тұрған заттардың шайқалуы байқалады. Ашық ыдыстағы сұйықтықтардың дірілі байқалады, ал тұрған көлікте дүмпулер  қатты  сезіледі.

5 балл жер сілкінісін бөлменің ішіндегі барлық адамдар сезеді;  ашық жерде тұрғандардың басым көпшілігі сезеді, ұйықтап жатқан көптеген адамдар оянады. Кейбір адамдар далаға жүгіріп шығады. Жануарлар абыржи бастайды. Жалпы ғимараттың сілкінуі байқалады. Ілініп тұрған заттардың қатты шайқалып тұруы, кейбір жағдайда сағаттар тоқтайды. Кейбір бекітілмеген заттар құлайды немесе жылжыйды. Жабылмаған есік-терезелер ашылып, жабылады. Толтырылған ыдыстардан су кішкене мөлшерменен төгіле бастайды. Байқалатын тербелістер ғимараттың ішіндегі ауыр заттардың құлаған тербелістерге ұқсас болады.

6 балл жер сілкінісін бөлменің ішіндегі және ашық жерде тұрған көптеген адамдар сезеді. Ғимараттың ішіндегі басым көпшілік адамдар қорқып, далаға жүгіріп шығады. Кейбіреулері абыржып бойын билей алмайды. Үй жануарлары панаханалардан жүгіріп шығады. Кейбір жағдайларда ыдыстар және басқа да шыны заттар сынады, кітаптар құлай бастайды. Ауыр жиһаздардың жылжуы мүмкін, шіркеу мұнарасындағы кіші қоңыраулардың дыңылдағаны естіледі.

7 балл – ғимараттардың зақымдануы. Басым көпшілік адамдар қорқып, бөлмелерден далаға жүгіріп шығады. Көптеген адамдар аяқтарында тұра алмайды. Көлік жүргізушілер тербелістерді сезеді. Үлкен қоңыраулар дыңылдай бастайды. Су бетінде толқындар пайда болады, тұнбаның көтерілуіне байланысты су лайлы болады. Құдықтағы су деңгейі өзгереді. Кейбір жағдайларда су көздері пайда болады немесе жоғалып кетеді. Құм, тас жағалауларда жекелеген сырғыма жағдайлары байқалады.

8 балл – ғимараттардың қатты зақымдануы. Қорқыныш, үрейді көлік жүргізушілер де сезеді, абыржи бастайды. Кейбір жерлерде ағаштардың бұтақтары сына бастайды. Ауыр жиһаздар жылжып, тіпті аударылып кетеді. Аспалы шамдар зақымдалады. Құламалы еңістерде, жолдың үйінділерінде кішкене сырғымалар байқалады; жердегі жарықтар бірнеше сантиметрге жетеді. Жаңа су суаттары пайда болады. Кей кезде құдықтар суға толады, ал қолданыстағы кейбіреулері жоғалып кетеді.

9 балл – ғимараттардың жаппай зақымдалуы. Барлық адамдар үрейленеді, жиһаздар зақымдалады. Жануарлар абыр-сабыр болып, айқай шығарады. Тегіс жерлерде су тасқыны пайда болады, құм және тұнбалар пайда болады. Жердің жарығы 10 см жетеді, ал өзендердің еңісті жерлері мен жағалауларында 10 см асады, сондай-ақ жердің бетінде майда жарылыстар байқалады. Жартастар құлайды, жекелеген жағдайда жердің сырғымасы және құлауы орын алады. Судың бетінде үлкен толқындар пайда болады.

10 балл – ғимараттардың жаппай қирауы. Бөгеттер мен дамбалардың қауіпті зақымдалуы байқалады, көпірлердің ауыр зақымдалуы орын алады. Темір жол рельстердің жеңіл қисайып кетуі, жер астындағы құбырлардың жарылуы немесе қисайып кетуі байқалады. Жолда, асфальттың бетінде толқындар пайда болады. Жердің жарықшақтары ені бірнеше дм жетеді, кейбір жағдайда – 1 м жетеді. Су ағымдардың арналарына қатарлас енді жарылыстар пайда болады. Құламалы еңістерде ылғалды жердің құлауы орын алады. Өзендер мен теңіз жағалауларында үлкен сырғымалар мүмкін. Жағалауларда құм және тұнба массаларының жылжуы мүмкін, каналдан, өзендерден, көлдерден судың төгілуі байқалады. Жаңа көлдер пайда болады.

11 балл – мықты салынған ғимараттардың, көпірлердің, бөгеттер мен темір жолдардың ауыр зақымдалуы, көлік жолдар жарамсыз болады, жер асты құбырлардың қирауы. Жердің едәуір өзгеруі, ені үлкен жарықтардың пайда болуы, енінен және тігінен жылжу байқалады, тауда құламалар орын алады.

12 балл – барлық жер бетіндегі және жер астындағы құрылыстардың зақымдалып, құлауы. Жер беті күрт өзгереді. Жердің көлемді енінен және тігінен қозғалуы. Үлкен көлемде таудың және өзен жағалауларының құлауы орын алады. Жаңа көлдер, сарқырамалар пайда болады, судың арналары өзгереді.