Референдум 15 марта

3 минуттық сериал

0 10

Қытайда 1-3 минуттық қысқа сериалдар енді жай ойын-сауық емес, экономикаға әсер ететін салаға айналып отыр. 2025 жылы осы формат шамамен 690 мың жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал еткен.

Сарапшылар дерегінше, бұл жұмыс орындарының едәуір бөлігін жоғары оқу орнын бітіргенімен, ұзақ уақыт жұмыс таба алмаған жастар иеленген. Бұрын «TikTok-қа арналған жеңіл бейнежазба» деп қаралған формат қазір тұтас индустрияға айналды. Бір ғана эпизод түсірудің өзіне сценарист, режиссер, актер, оператор, монтажер, локация менеджері, маркетолог сияқты 90-нан аса маман жұмылуы мүмкін.