Референдум 15 марта

Сербия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

0 9

26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.

Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады.