Таразда жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған LIVE-концерт өтті
Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының қолдауымен жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған LIVE-концерт өтті. Іс-шараға 4 мыңға жуық қала тұрғындары мен жастар қатысты.

Концерт барысында жастар арасында кеңінен танымал Kalifarniya және DARICORN өнер көрсетіп, көрермендерге ұмытылмас әсер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сондай-ақ, «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ерғали Әбуғали, жас белсенді Айбек Кадралиев және студент Аяна Ким Жаңа Ата Заң жобасына қатысты маңызды ақпараттармен бөлісіп, қала тұрғындарын 15 наурызда өтетін референдумға қатысуға шақырды.
