Хамит Есаман — «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының лауреаты

0 6

Облыс әкімінің кеңесшісі, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы ақын Хамит Есаман «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының «Поэзия» аталымы бойынша жеңімпазы атанды.

Еліміздегі жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлығы және «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтті.

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік әдеби сын» және «Үздік комикс» аталымдары бойынша барлығы 180 өтінім қабылданыпты. Байқау қорытындысы бойынша әр аталымнан бір жеңімпаз анықталған. Әдеби бәйгеге «Айша бибі» поэмасын ұсынған Хамит Есаман «Үздік поэзия» аталымында жеңімпаз атанып отыр. Жерлесімізге сыйлықты Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тапсырды.

Әріптесімізді ұлттық әдеби сыйлығымен құттықтаймыз!

«Әулиеата» газетінің редакциясы.