Қазақ топ-менеджерінің табысы
Қазақстандық топ-менеджер Кремний алқабында 500 миллион долларлық келісім жасады.
Ғалым Иманбаев АҚШ-тағы ең ықпалды венчурлік қорлардың бірі – «Lightspeed Venture Partners» компаниясының серіктесі атанды. Қор 35 миллиард доллардан астам активті басқарады, ал Ғ.Иманбаевтың жеке портфелінде 500 миллион доллардан асатын инвестициялық келісімдер бар. Сарапшының айтуынша, АҚШ-та венчурлік қорлар жылына орта есеппен екі-ақ мәміле жасайды. Ол отандық стартаптарға жаһандық ойлау, нарықты терең түсіну, Кремний алқабының ережесіне бейімделу қажет екенін айтады.