Робот-даяшы

0 6

Қытайдың Ханчжоу қаласында ерекше мейрамхана ашылды. Мұнда тамақ дайындаудан бастап, залдағы тапсырыс қабылдауға дейінгі шаруаның бәрін роботтар атқарады.

Аспаз да, даяшы да – бір жүйеге бағынған жасанды интеллект. Жоба авторларының айтуынша, мейрамханада оннан астам робот жұмыс істейді. Бір тапсырысты әзірлеуге шамамен 3 минут уақыт кетеді. Мамандардың болжамынша, бұл – Қытайда толықтай роботтар ғана қызмет көрсететін әзірге жалғыз мейрамхана.