Кезекті Құрылтай отырысы өтетін күн белгілі болды

0 9

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысы өтетін датаны белгіледі. Бұл туралы Президент 2026 жылы 12 қаңтарда Парламенттік реформа бойынша өткен кезекті жұмыс кеңесінде айтты.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттің Ерлан Қаринмен және Ержан Жиенбаевпен өткізген Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесінде Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өтетін бесінші отырысына дайындық мәселесі де қаралды.

«Мемлекет басшысы Құрылтай отырысын өткізуді осы жылдың 20 қаңтарына белгілеп, алдағы маңызды іс-шараны ұйымдастыру және оған тыңғылықты әзірлену жөнінде нақты тапсырма берді», делінген Ақорда хабарламасында.